Алматы қаласы Білім басқармасының
«№90 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 392-12-66
Әдіскер телефоны:
+7(727) 392-08-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шара
10
сәуір
2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шара

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет есебі


10.04.2023ж.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы балабақшада комплаенс-қызмет құрылып, осы қызметті атқару лауазымдық нұсқаулыққа қосымша міндеттер енгізе отырып әдіскер С.Е.Тумановаға жүктелген.

Комплаенс-қызметтің қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының, «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» 30.12.2020 ж. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы бекіткен Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

Балабақша  меңгерушісі Г.С.Жайлаубаеваның әдістемелік ұсыныстары негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже» бекітілді және комплаенс-қызмет басшысының лауазымдық міндеттері айқындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жүктелген функцияларға сәйкес өткен уақыт кезеңінде заңнаманың ықтимал бұзылуы туралы фактілер мен хабарламалардың болмауына байланысты қызметтік тексерулер жүргізілген жоқ. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қалыптастыру мақсатында жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс» тақырыбында кеңестер өткізілді.

Балабақша  сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жауапты тұлға көрсетілген ақпарат орналастырылған. 

Ақпараттандыру сайт арнасы  бойынша азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты комплаенс қызметкеріне хабарлай алады, әрбір тілек білдіруші сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізе алады. Сонымен қатар, балабақша сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көрнекі үгіт материалдары (жадынамалар, буклеттер) жарияланады. 

Сыбайлас жемқорлық комплаенс-қызметінің басшысы  білім беру ұйым жұмыскерлерін жұмысқа қабылдау немесе басқа лауазымға ауыстыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына оқытуды қамтамасыз етеді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив