Алматы қаласы Білім басқармасының
«№90 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 392-12-66
Әдіскер телефоны:
+7(727) 392-08-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні!" Ересек Қыран тобының іс-шарасы
01
мамыр
2025

"1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні!" Ересек Қыран тобының іс-шарасы

1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні!

1 Мамыр – көпұлтты еліміздің ынтымағы мен достығын, бейбіт өмірін паш ететін айтулы мереке. Осыған орай балабақшамыздың «Ересек Қыран» тобының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері ерекше мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты:
Балаларға Қазақстанда тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдері туралы түсінік беру, өзге ұлттардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, достық пен бірлікке баулу. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, сол халықтың әні мен биін орындады. Әр баланың бейбітшілік, достық, татулық туралы өлеңдері мен көріністері көрерменнің жүрегінен орын алды.

Бұл шара арқылы балалар еліміздегі ұлттар достығының маңызын тереңірек ұғынып, бейбіт өмірдің бағасын түсінді. Ал ата-аналар мен қонақтар бүлдіршіндердің өнеріне тәнті болып, мерекелік көңіл күймен тарасты.

Бірлік бар жерде – тірлік бар!
Достығымыз мәңгі жасасын!






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив