01
ақпан
2019
Туған күн
Ашық оқу қызметі
Білім саласы:Әлеумет
Бөлімі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Туған күн»
Мақсаттары: Жақсылық, қуаныш ұғымдары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Қажетті құралдар: Жүрекше, жеке сыйлықтар.
Билингвальды компонент: Туған күн- день рождения-happy birthday,Сыйлық- подарок-present
Тәрбиеші: Балалар бізде ерекше күн! Қараңдаршы бізге қонақтар көп келіпті,амандасайық!
«Қуан шаттан, Алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!»
-Саламатсыздар ма апайлар?
- Здраствуйте!
- Good morning, good morning!
Good morning to you
Good morning, good morning!
I am glad to see you!
Шаттық шеңберін құрайық!
Біздің топта ұл-қыздар!
Тату-тәтті ойнаймыз.
Айналаға, бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз.!
Тәрбиеші: Балалар қанеки оқу қызметімізді бастамас бұрын, бүгунгі ай атын, жылдарды айтайықшы!
Ал енді мына жүрекшені қолымызға алып, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді ортаға салып, жүректі досымызға берейік!
Тәрбиеші: - Балалар бүгін ашық оқу қызметі Туылған күн! Туылған күн – дегеніміз сәбидің өмірге шыр етіп келген күні. Бала анасының құрсағында 9 ай, 9 күн жатып өмірге келеді, оны барлық жақын адамдар күтеді. Жыл сайын бала, 1 жас қосып отырады,
Ол күнді дастархан басында әр отбасы тойлайды.(Суретпен жұмыс)
Ғажайып сәт:
Тәрбиеші:
Еркін күліп-ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Достықты қастерлеп,
Туған күнді тойлаймыз.
-Балалар бүгін Еренханның туған күні! 5 жасқа толды. Үлкен азамат болсын! Енді балалар бізге енді кім қонаққа келгенін қарайықшы!
- Анасы кіреді.(Тәтті бәлішпен).
- Сайқымазақ (клоун) кіреді.
Балалар тілектерін айтады.
Тақпақтар.
1) Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз данамыз,
Туған күнін достардың (Ханифа)
Бірге қарсы аламыз.
2) Туған күнін достардың
Зор қуаныш көреміз
Ортаға алып би билеп, (Бексұлтан)
Әнде салып беремін.
3)Туған күнді тойлаймыз
Қызықты ойын ойнаймыз
Қолдан жасап ойыншық (Сая)
Досымызға сыйлаймыз.
4) Досым, туған күнің құтты болсын
Қуанышты күндер көп боп тұрсын
Әрдайым аспаның ашық болып, (Аслан)
Денсаулық мықты болсын.
5)Дастархан толы дәмді астар
Тегін емес думанды үн.
Жиналды барлық шын достар! (Қасымхан)
Өйткені бүгін туған күн.
6) Ақылы бар баласың!
Айтқан тіджі аласың
Намысты болып өссең сен, (Алихан)
Нағыз адам боласың!
7) Мейірім жүзің болсын!
Дархан пейілің болсын
Қайсар жігерің (София)
Бауырмал мінезің болсын!
Тәрбиеші:
Құттықтаушы:
Туған күнің құтты болсын балақай,
Қуаныш пен шаттық бағын аралай,
Ата-анаңның сүйікті ұл мен қызы боп,
Алдарыңнан ақ күн тусын аралай.
Дидактикалық ойын: «Көңілді күй» (смайликтермен) Тақтада смайликтер теріс жағымен ілініп тұрады. Тақтаға шыққан бала қолына алып смайликтегі көңіл күйді бейнелейді.
Дәйек сөз:«Қуаныш көңілді сергітеді»
-Туған күн қунышыңда естіген жақсы сөз, жақсы тілек біздің көңілімізді өсіріп, көңілдендіреді, қунышқа бөлейді.
Сергіту сәті:
Бүгін туған күніміз
Қолда шоқ-шоқ гүліміз
Көңіліміз көркейді,
Көп ән-би мен жырымыз
Жасымызға жас қостық,
Жақсы күнде бас қостық.
Арманы бір құрдастар,
Ағайын боп достастық.
Ғажайып сөз:
Жақсы тілек қуаныш сыйлайды
Туған күнің құтты болсын!
Тілектер:------------------------------------------
Тақпақтары:
Орыс тілінде: Аиша, Сания
Ағылшын тілінде: Медина, Алихан, Аяжан, Алишер, Адия
Үй іші түгел көңілді,
Шот күлкілер төгілді
Қуаныштың себебін (Елдаулет)
Айта алады, кәне кім?
Жастан жасқа жете бер!
Асулардан өте бер!
Денсаулығың мықты боп, (Марғұлан)
Мақсатыңа жете бер!
Туған күнге тарту саған сыйлаймыз
Еркелей бер ештеңеден тыймаймыз.
Сен аман боп ер жетсін деп күні-түні (Медина)
Әлемдегі бар жақсыны жинаймыз.
Тәрбиеші:
-Қуаныш, шаттық, мейірімділік, сүйіспеншілік.
Балалар! Еренханға өздерінің қолдан жасаған сыйлықтарыңды табыстаңдар!
Бақшамыздан ән тарап,
Думандатар өмірді.
Бақшамызда салтанат,
Бізде өте көңілді.
Би: «Көңілді күн!»
Тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңді түзу үстаңдар. Қолымызды тіземізге қойып отырайық. Көздерімізді жұмайық. Күн нұры сендердің төбелеріңнен өті, кеудеңе қарай бойлап барады. Бұл күн сәулелері сендердің бойларыңы жақсылық пен қуаныш сезімін таратады. Барлық жақсы сезімдердің жүрегіңе жина. Оны осындай әсем-қалыпта сақта. Жәймен көздеріңді ашыңдар.
Жүректен- жүрекке:
Қандай жақсы туған күнің болғаны,
Әр жыл сайын бір жасқа адам толғаны!
Көк төсінде жұлдызымыз жайнайды,
Көңіліміз көтеріңкі , жайдары!
Балалар қоштасады!
Туған күн жақсы өтті.
Тәрбиеші: Мақсутова Айжан Сатыбалдықызы
Ересектер «Айгөлек» тобы
Білім саласы:Әлеумет
Бөлімі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Туған күн»
Мақсаттары: Жақсылық, қуаныш ұғымдары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Туған күн қуанышы туралы түсінік беру;
- Өзара сыйластық , сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- Сүйіспеншілікке, достыққа, ата-анасын сыйлауға тәрбиелеу;