Алматы қаласы Білім басқармасының
«№90 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 392-12-66
Әдіскер телефоны:
+7(727) 392-08-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Әкелер мектебі"
27
ақпан
2025

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Әкелер мектебі"

   "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" - ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

   "Әкелер мектебі" – бұл әкелерді бала тәрбиесіне және отбасы өміріне белсенді қатысуға бағытталған, әкелердің жауапкершіліктерін түсінуге, балалармен қарым-қатынас орнатуға, олардың дамуына оң әсер ету үшін қажетті дағдылар мен білімдермен бөлісу мақсатында ұйымдастырылады.

   "Әкелер мектебі" деген ұғым әлеуметтік және педагогикалық бастамаларды іске асыру үшін пайда болды. Бұл мектептердің басты мақсаты – әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және отбасы институтын нығайту.

  "Әкелер мектебі" әдетте мынадай бағыттарды қамтиды:

  1. Әкелердің рөлі мен жауапкершілігі: Әкелер өз отбасы мен балаларына қалай көмектесе алатындығы туралы кеңестер.
  2. Бала психологиясы: Бала дамуының негізгі кезеңдері және оның қажеттіліктерін түсіну.
  3. Қарым-қатынас дағдылары: Әкелер мен балалар арасындағы тиімді қарым-қатынастың негіздері.
  4. Отбасылық қатынастар: Отбасы мүшелерімен ынтымақтастық және қолдау көрсету жолдары.

Бұл бастаманың мақсаты – әкелердің бала тәрбиесіне қатысты көзқарастарын өзгерту, олардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және қоғамда әке рөлінің маңыздылығын арттыру.



Семинар барысында "Әкелер мектебі" қатысушылары МА "Айналайын", "Қарлығаш" топтарының ата-аналары:
1. Мұқашев Самат
2. Төкенов Нұрлан
3. Құрметбек Нұрбақыт
4. Шыңғысбай Талап
5. Шаймерденов Дархан "Сегіз қырлы - бір сырлы" айдарында өз өнерлерін ортаға салды.



 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив